ALADOP.KZ
Басты ақпарат Болжам бұрыш

Еуропа лигасы. Болжам

«Динамо» Киев — «Астана»

«Астананың» қазіргі жағдайын бәріміз білеміз. Чемпионатта «Қайсармен» тең түсті. Жартылай қосалқы құраммен ойнағанның өзінде аса мардымды ештеңе істей алмады. Шабуыл өті түгел мықтылардан тұрды. Бірақ, ұрымтал сәтті голға айналдыру қиын екен. Кабананга да, Мұртазаев та өнер көрсетті. Педро мен Томасовта толық ойнады. Алайда, көңілге қонымды матч көрсете алмады. «Динамо» соңғы 5 ойын бойы жеңіске жете алмай келеді. Команда ішінде жеңісті қалап жүргендер көп. Жеңіске сусап тұрған команда десек болады. Демек, аса қатты ойланбай алаң иелерінің жеңісін аламыз. 1,69 коэф.

«Бешикташ» — «Сарпсборг 08»

Түркиялық команда кездесудің анық фавориті. Себебі, қарсылас өте осал. Норвегияның ортаңқол клубтарының бірі. Еурокубоктерде аса қатты тәжірибиесі де жоқ. Ал түріктер алғашқы матчты жеңіспен бастап, 3 ұпай еншілегісі келеді. Алаң иелерінің голды көп ұратынынан бәс тіккеннен гөрі қарапайым жеңісін ала салайық. Ж1 1,28.

«Спортинг» Л — «Қарабах»

Португалиялық клуб үстіміздегі жылдың басында «Астананы» қалай оңай жеңгенін көрдіңіздер. Лиссабондық клуб өте мықты. Футболшылары да келіскен. Еуропа лигасындағы әрбір ойынды жеңіп, қосымша қаржы ала бергісі келеді. Ал бұл жолғы қарсылас соған итермелеп тұрғандай. «Қарабах» еурокубоктық тәжірибиесі болғанымен де, биыл бірнеше ойыншыларынан айырылып қалды. Бапкері де ауысты дегендей. Алаң иелерінің жеңісі анық секілді. Ж1 1,41 коэф.

«РБ Лейпциг» — «Зальцбург»

Неміс командасы өткен маусымнан бері Еуропа жасыл алаңдарын жатсынып жүрген жоқ. Аустриялық клубқа өз алаңында ұтылуы екіталай. Сондықтан да, шабуылы күшті немістер өз алаңында жеңілмейді деген бәсті алғымыз келеді. Оның коэфиценті дәл қазір — 1,32.

Сонымен қатар, экспресс ішіне мына бәстерді де қоссаңыдар болатындай: 

1. «Лацио» — «Аппалон» Ж1

2. «Дюделанж» — «Милан» Ж2

3. «Олимпиакос» — «Бетис» 1х

Ермұхамед МӘУЛЕН

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*