ALADOP.KZ
Әлем футболы ӘЧ-2018

Фабио Капелло: ӘЧ-2018-дің фавориті — Англия құрамасы

Англия ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Фабио Капелло команданың өнеріне баға беріп, алдыңғы матчтарына да болжам айтты.

«Ағылшындарда қазір жылдам ойыншылар бар және бапкері де тамаша. Саутгейт екі орталық қорғаушымен ойнаса, ертерек үйлеріне қайтатынын білгендіктен, үш орталық қорғаушымен сәтті ойнап жүр. Сонымен қатар, ұжымды құтқарып тұратын қақпашыны қажетті уақытта тапқандай, Пикфордтың реакциясы мен позиция таңдауы керемет.

Әлем чемпионатының финалдық кездесуі Франция мен Англия арасында болады және онда ағылшындарға басымдық беремін»,-деп ӘЧ-2018-дің басты фаворитін де атады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*