ALADOP.KZ
Үздіктер Әлем футболы

Ференц Пушкаш сыйлығын Мохаммед Салах жеңіп алды

Лондон қаласында «The Best FIFA Football Awards 2018» атты жылдың үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шарада Ференц Пушкаш атындағы 2018 жылдың үздік голы анықталды. Жеңімпаз – «Ливерпуль» шабуылшысы Мохаммед Салах.

Мысырлық футболшының Англия премьер-лигасында «Эвертонға» соққан голы жылдың үздігі атанып отыр. Салахтан бөлек, бұл сыйлыққа Гарет Бэйл («Реал»), Лазарос Христодулопулос («Олимпиакос»), Криштиану Роналду («Реал» / «Ювентус»), Джорджиан де Арраскаэта («Крузейро»), Райли Макгри («Ньюкасл Джетс»), Лионель Месси («Барселона»), Бенжамен Павар («Штутгарт»), Рикарду Куарежма («Бешикташ»), Денис Черышев («Валенсия») үмітті болған.

Пушкаш сыйлығы атақты венгриялық футболшының құрметі үшін 2009 жылдан бері табысталып келеді. Жеңімпаз ФИФА-ның ресми сайтында дауыс беру арқылы анықталады. Бұған дейін Криштиану Роналду, Хамит Алтынтоп, Неймар, Мирослав Стох, Златан Играгимович, Хамес Родригес, Венделл Лира, Фаиз Субри, Ольвье Жирудың голдары әр жылдары үздік деп танылған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*