ALADOP.KZ
Трибуна ФИФА Әлем футболы

ФИФА төрешіге қысым көрсетілсе, ойынды тоқтату туралы ереже енгізбек

ФИФА аясындағы турнирлердің регламентіне жаңа ереже енгізілмек. Енді бас төреші ойыншылар тарапынан қысым көріп, нәсілдік кемсітушілікке ұшырап жатса ойынды тоқтатуға құқығына ие болмақ. Бұл туралы ФИФА президенті Джанни Инфантино мәлімдеді.

Ұйым басшысы: «Соңғы уақытта футбол әлемінде көптеген нәсілдік кемсітушіліктің куәгері болдық. Біз бұған көз жұма қарай алмаймыз. Қазіргі қоғамда да, футболда да расизмге жол жоқ. Осы орайда, ФИФА кемсітушілікке тап болған Пренс-Дезир Гуано, Калиду Кулибали, Рахима Стерлинга пен Дэнна Роузды және барша жанкүйерлерді қолдайтынын хабарлаймын»,- дей келе, ФИФА өз құрамындағы барлық біріншіліктерді, ассоциацияларды, клубтарды аталған ұсынысты қолдауға шақырды.

  Шамкен БАЙЫРБЕК. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*