ALADOP.KZ
Әлем футболы

Францияның 1500-ші голы

УЕФА Еуро-2020-ның іріктеу турнирі аясында «Н» тобының фавориті Франция Исландияны қабылдап 4:0 есебімен тас-талқан етті. Жаңартауы көп аралдан келген қонақтарды қорғанысқа тығып тастаған француздар, кездесу бойы «викингтерге»  білгенін істеді. Қорғаушы Умтитидің голымен бастаған алаң иелері исландиялықтарға ойын біткенше жөнді дем алғызбады. Әсіресе Мбаппе  асқан жылдамдығымен дриблингтерінің арқасында қонақтардың омыртқаларын тоздырды. Арасында шабуылшы екені есіне түскенде гол соғып тұратын Жиру да аянып қалмады. Павардың пасын әдемі түйіндеген Оливье ұлттық құраманың сұрмергендер тізімінде 35 голмен үшінші орынға жайғасты. Кездесудің 78-ші минутында гол соқпай тыным таппайтын Мбаппе дегеніне жетіп есепті 3:0 қылды. Ойынның нүктесін Гризманн қойды. Антуанның бұл ойындағы 4-ші голы Франция ұлттық құрамасының жалпы есепте 1500-ші голы болып тіркелді.  Осылайша француздар өздерінің 100 жылдық мерей-тойын осылай атап өтті.

Руслан Мералиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*