ALADOP.KZ
Еурокубок Қазақстан

Фуркат Атажанов Латвияға барады

Қазақстандық төрешілер бригадасы Еуропа лигасының матчында жұмыс жасайды, деп хабарлайды KazFootballkz.

«Рига» (Латвия) – ЦСКА (София, Болгария) матчының бас төрешісі болып 31-жасар шымкенттік рефери Фуркат Атажанов сайланды. Оған Тараздан Евгений Бельский мен Павлодардан Айдын Тасыбаев көмектеседі. Қосалқы төреші астаналық Арман Исмуратов. Кездесу 19 шілде күні Ригада өтеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*