ALADOP.KZ
3-тайм

Футбол тарихындағы ең ірі 9 әуе апаты

1. «Торино» трагедиясы

Бүгінде бұл команда Италия А сериясының ортаң қол командасы болғанымен, бір кездері мемлекеттің ең бетке ұстар командасы болатын. 1949-шы жылдың 4-ші мамырында, «Бенфикаға» қарсы ойын өткізіп, Туринге қайтпақшы болған. Бірақ, қатарынан бес мәрте ел чемпионы атанған ұлы командаға Туринді қайта көру жазбапты. Құрамында 18 футболшымен қоса, жаттықтырушылар, журналистер бар ұшақ апта болfды. Бұл қайғылы жағдайдан Италия ұлттық құрамасы да зардап шекті. Себебі, Италия ұлттық құрамасының негізі құрамының 10 ойыншысы көз жұмды. Уругвайдағы әлем чемпионатында чемпион атағын қорғай алмады. Ал, марқұм болған футболшылар құрметіне «Ториноға» 1948/1949 маусымының чемпионы атағын берді.

 

2. «Манчестер Юнайтед» трагедиясы

Сербияда жершілікті «Црвена Звезданы» тізе бүктіріп Еуропа чемпиондары кубогінің(Чемпиондар Лигасы) жартылай финалына жолдама алған «Манчестер Юнайтед» футболшылары тамаша көңіл-күймен Манчестерге қарай аттанған болатын. Ұшақ Жанармай құю үшін ұшақ Мюнхенде тоқтауға мәжбүр болады. Кейін, командир Джеймс Тейн ұшақты әуе жолына қосуға екі рет талпынғанымен, қозғалтқыштың дұрыс жұмыс жасамауына байланысты бас тартуға мәжбүр болады. Бірақ, бұйрық бойынша орындалған үшінші талпыныста, енді ауа-райы күрт өзгеріп, ұшақ әуеге толықтай көтерілмей-ақ апат болады.

Апаттың нәтижесінде 67 адам бақилық болды. Оның 8-і «Манчестер Юнайтед» командасының футболшылары. Ал, атақты жаттықтырушы Мэтт Бэсби мен Ағылшын футболының тарихындағы ең үздік футболшы атанатын Бобби Чарльтон аман қалып, 10 жылдан кейін әріптестеріне бұйырмай кеткен Еуропа чемпиондары кубогін жеңіп алады.

3. Дания ұлттық құрамасының трагедиясы

Олимпиядияға қатысатын үш футболшы мен соңғы қорытынды тізімге енуге дәмелі жастар құрамасының 5 футболшысы апат болған ұшақта еді. Бірақ, ұлттық құрама намысын қорғасам деген жастардың ниеті орындалмай, ұшақ апатқа ұшырап, футболшылардың бәрі жан тапсырды. Ал, Дания ұлттық құрамасы болса жарыстан бас тартпай, Римде өткен Олимпиядада күміс жүлдеге қол жеткізді.

4. «Грин Кросс» трагедиясы

1961-ші жылдың 3-ші сәуір күні Чилидегі Лас-Ластимас тауының маңында «Douglas DS-3» ұшағы апатқа ұшырайды. Нәтижесінде 24 адам қаза табады. Чилилік «Грин Кросс» командасының 8 футболшысы, бас жаттықтырушысы, клуб басшылығының адамдары, ұшақ қызметкерлері, төрешілер. Чили кубогінің аясындағы кездесуден қайта оралған футболшылар екі ұшаққа бөлінген екен. Яғни, команданың жартысы аман да, жартысы, бас жаттықтырушысымен қоса жан тапсырды. Ұшақ апатының себебі әлі күнге белгісіз.

5. «Стронгест» трагедиясы

Тағы да Оңтүстік Америка. Бұл жолы Боливияда. Ел астанасы Ла-Пасқа жақын маңда, «Стронгест» командасының 16 футболшысы бар ұшақ апатқа ұшырайды. Сараптаманың қорытындысы бойынша, ұшақтың ішінде әуеде өрт шығып, тауға барып соғылған. Соның салдарынан, ұшақтағы 74 адамның 20-сын ғана мамандар түр-әлпетін анықтап ала алды.

6. «Альянс Лима» трагедиясы

1991-ші жылдың 8-ші желтоқсаны Перу елінің 19 дүркін чемпионы «Альянс-Лима» клубының тарихында қаралы күн болып белгіленді. 43 жолаушысы бар ұшақ халықаралық әуежайға бірнеше шақырым қалғанда теңізге құлап, апатқа ұшырайды. Нәтижесінде толықтай бір команданың футболшылары қаза болып, сол сәтке дейін турнир кестесінде бірінші орында тұрған команда маусымды екінші құрамның ойыншыларымен аяқтайды.

7. Замбия ұлттық құрамасының трагедиясы

Замбия елінің футболшылары мінген ұшақ та 1993-ші жылдың сәуірінде теңізге құлап, қайғылы оқиға орын алады. Бір жылдан кейін өтетін Әлем чемпионатына іріктеу аясында Сенегалмен кездесуге бара жатқан. Апат  нәтижесінде 30 адам көз жұмды.

Ал, 20-шы ғасырдағы Замбияның үздік футболшысы атанған, 1998-ші жылы қара құрлықтың үздігі атағын да алған Калуша Бвалиа клуб сапында матч өткізуіне байланысты, Сенегалға басқа ұшақпен барғаның арқасында, аман қалды.

8. «Пахтакор» трагедиясы

Кеңес одағы құлағанға дейін қалың елге белгісіз болып келген қайғылы оқиға. 1979-шы жылдың 11-ші тамыз күні, сағат 13:35 Украина әуесінде, 8400 биіктікте екі «Ту-134» ұшағы соқтығысады. Біреуі Ташкент-Минск бағытында ұшатын ұшақ еді. 84 жолаушы, оның 17-сі «Пахтакор» футболшылары. Өзбек футболшылары Белоруссия астанасына жергілікті «Динамоға» қарсы чемпионат аясында матч өткізуге аттанған еді. Бірақ, тағдыр жазбапты.

Апаттың себебі әлі күнге дейін белгісіз. Құжаттар құпия ретінде сақтаулы. Сол кездегі Ташкент пен Мәскеу арасындағы саяси шиеленістерге сүйене отырып, команданың көзін жою жөніндегі бұйрық тура Мәскеудің өзінен келді деген әңгімелер ел аузында.

9.Шапекоэнсе трагедиясы

Бразилиялық клуб күні кеше ғана апатқа ұшырап,70 шақты адам қаза болды.Клуб бірнеше күннен кейін финалда өнер көрсетуі тиіс еді,өкінішке орай түгелдей бір клуб жоғалып кетті.Ал мағұлматтарға сүйенсек 7-10 шақты адам аман қалған деген ақпарат бар.Ұшақтың апатқа ұшырау себебі белгісіз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*