ALADOP.KZ
Басты ақпарат Футзал Чемпиондар лигасы Қазақстан

Футзал: «Қайрат» — «Барселонаны» үшінші рет ұтты

Бəрекелді! Осымен екі клубтың жолы 3 рет түйісіп еді, «Қайрат» тағы да сан соқтырды. 

«Қайрат» — «Барселона» 5:2 

«Алматы Арена». 12 090 жанкүйер. (Бұл турнирдің жаңа рекорды).

Гол авторлары: Тайеби, 21 мин, Тайнан, 27 мин, Леннон, 37 мин, Эдсон, 39 мин, Дуглас, 39 мин — Лосано, 38 мин, Диего, 39 мин.

Футзалдан Чемпиондар лигасының екінші жартылай финалдық матчы тартысты, əрі голға да бай болды. Төреші ысқырығы шалынысымен екі клубта шабуылға шабуылмен жауап қатты. Дегенмен бірінші тайм голсыз аяқталған-ды.

Ал голдың бəрі екінші кезеңде соғылды. Өз айып алаңында пас беруде қателескені сол еді «Қайрат» шабуылшысы Хосейн Тайеби есеп ашқан болатын. Араға 6 минут салып Тайнан екінші голды, сосын 37 минутта Джон Леннон есепті 3:0- ге жеткізен соң Барса ес жиғандай болды. «Блауграна» капитаны Лосано гол соғып, есеп айырмасын қысқартқан еді. Алайда, қақпашысын бесінші ойыншыға алмастырған «Барса» артынша Эдсон тепкен допты қақпа торынан алып шығуға мəжбүр болды. Тіпті, Диегоның көмегімен 39 минутта есепті тағы қысқартып еді, Дугластан тағы бір гол жіберіп тынды. Осылайша, «Қайрат» финалда Лиссабонның «Спортинг» клубымен бас жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

Естеріңізге сала кетейік, финалдық матч 28 сəуір күні кешкі 20:00-де басталады

Шамкен БАЙЫРБЕК.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*