ALADOP.KZ
3-тайм ӘЧ-2018

Гол соққыш Головин

Әр 4-жыл сайын ұйымдастырылатын Әлем чемпионаты, жаңа оқиғаларға толы болып жатады. Жас таланттар өзін бар қырынан көрсетіп, жасыл алаңда көсіле шауып, танымал скауттардың көзіне ілігу үшін қолдан келгенін аянбайды.

Мысалы:2014-жылы Хамес Родригез «Мадриктік Реал» сапын толықтырып, Еуропада жемісті ойын мәнерін көрсетіп жүр. Ал, Ресейдегі бұл дода да, еуропалық ұжымға аттанады деген футболшылардың қатарында Александр Головин бар.

Мүмкіндік болса гол ұра беретін Головин, небәрі 21-жаста. Оған қазір Еуропаның беделді клубтары қызығушылық танытуда. Ішіндегі ең тиімді ұсыныс тастаған  туриндік «Ювентус» командасы.

Ол ауысым құнын 2-млн еуроға балап отыр. Мәскеулік «ЦСКА» шабуылшысы да бұл трансферге қарсы емес секілді. Бұл жас талант Ресей-Сауд Арабиясы арасындағы ойында 2-голдық пас және 1-гол соқты. Соған қарап отырып Александр Головиннің осы додадан кейін Еуропаның беделді клубтарынан көруіміз ғажап емес.

Дайындаған:Әлішер Хабидолла

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*