ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ұлттық құрама

Грузия — Қазақстан 2:1. Ұлттар лигасында ұяттымыз

«Ұлттар лигасы» деп аталатын жарысты Қазақстан құрамасы екінші орынмен аяқтады. Алайда, құрама ойынына ешкімнің де көңілі толмады. Негізгі бәсекелесіміз Грузияға екі ойында да жеңіліп қалдық. «Астана-Аренадағы» жеңілісімізді кездейсоқтық деп қабылдағанымызбен, кейіннен олай еместігіне көзіміз анық жетті.

2015-жылы Қазақстан Президенті кубогы жарысының үздік футболшысы атанған грузиялық Чакветадзе қорғанысымызды, әсіресе Абзал Бейсебековті әбден әуре-сарсаңға салды. Алдымен әріптесіне пас беріп, асистент атанса, кейіннен өзі шірене тартып екінші допты қақпаға тоғытты. Ал 14 ойында ешқандай да гол соқпаған шабуылшы Алексей Щеткин алаңнан кеткен соң Оралхан Өміртаев есеп айырмасын қысқартты. Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынына шыққан жас шабуылшы 3 минуттың ішінде гол соғып үлгерді.

Енді 2-желтоқсан күні ЕУРО-2020 додасының іріктеу турнирінің жеребесі тартылады. Соны күтеміз…

2 комментария

Jasulan 20-Қараша, 2018 at 1:43

Осы Щеткинді кім не үшін сүйреп келе жатыр осы кезге дейін? Дөкей көкесі бар ма әлде…

Жауап
Дастан 20-Қараша, 2018 at 9:19

Стойлов жаксы бапкер екенин далелдеди. Ен бастысы Сейдахмет, Зайнутдинов, Омиртаев, Алип сиякты жастарды курамага тартканына ризамын. Арине ойын бирден келе калганын калаймыз,бирак курама дурыс жолда келе жатканын далелдеди. Кателиктерде жок емес. Ол кателик — Щеткин. Не гол сога алмады, не жони тузу пас бере алмады, допка да жетистирип таласа алмады. Осындай шабуылшы керекпе? Тукке де кажет емес.

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*