ALADOP.KZ
Әлем футболы

Гвардиоланың асығы алшысынан түсті

Ағылшын футбол алаңдарында алғашқы кубоктың иегері анықталды. «Манчестер сити» «Арсеналды» 3:0 есебімен ойсырата жеңіп тұманды альбионның шын мықтысы екенін дәлелдеді. Венгер болса осы маусымда Гвардиоладан үш рет қатарынан ұтылды. Ойын бірқалыпты басталғанымен, Агуэроның бірінші болып есеп ашуы «канонирлердің» есін шығарғандай. Екінші таймда Компани мен Сильваның голы 65 минутта-ақ, чемпионның кім екенін анықтады. «Арсеналдың» ішкі чемпионаттағы жағдайы да мәз емес. Турнирлік кестеде 6 орында келеді. Топ-4-ке кірудің де ауылы алыстау. Ендігі үміт «Еуропа лигасы».  1/8 финалда «Арсенал» кеше ғана «Романы» 0:2 есебімен ұтқан «Миланмен» кездеседі.

@aibek_kossan  

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*