ALADOP.KZ
Басты ақпарат Чемпиондар лигасы

Харри Кейннің жарақаты ауыр. Шабуылшы маусым соңына дейін ойнамауы мүмкін

Бір анығы ағылшындық шабуылшысы «Манчестер Ситимен» болатын Чемпиондар лигасының жауапты ойыны мен біріншіліктегі ойынға қатыспайды.

«Тоттенхэм» бас бапкері Маурисио Пачеттино журналистердің сұрағына жауап беру барысында:

-«Харри Кейннің жарақаты ауыр. Ол жыл басында зақымдап алған тобығынан тағы жарақат алды. Мен жуық арадағы ойындарда оны алаңға шығара алмаймын. Тіпті, маусым соғына дейін Харри еш бір ойынға қатыспауы мүмкін»,- деді.

Естеріңізге сала кетейік, Харри Кейн «Манчестер Сити» қорғаушысы Фабиан Делфпен болған допқа талас кезінде жарақат алған болатын.

 Шамкен БАЙЫРБЕК.  

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*