ALADOP.KZ
Әлем футболы

Хорватия президенті: маған қарапайым жанкүйер болған ұнайды.

Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович VIP-мінберден футбол көруді ұнатпайтындығын айтты.

— Маған қарапайым жанкүйер болған ұнайды, мен жан-тәніммен жанкүйерлік еткендіктен, VIP-мінбердегідей отыра алмаймын. Бүгін мен Ресейге қарсы ойында Хорватия құрамасының жейдесін киюге мүмкіндік аламын. Соңғы ойында матчтың әр сәтінен ләззат ала алдым, — дегенін RT хабарлады.

— Мен Ресейдің Испаниямен ойынын фан-зонада көріп, алаң иелерінің жеңісіне қуанған болатынмын. Меніңше, Ресейде тамаша ұжым қалыптасқан және мен оларға сәттілік тілеймін. Алайда, бүгін мықты жеңіске жетеді және ол Хорватия болады, — деп ойынға өз болжамын да берді.

Осыған дейін Хорватия президентінің ӘЧ-2018-дің ширек финалының Ресей-Хорватия ойынына жанкүйерлік етуге келгенін хабарлаған болатынбыз.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*