ALADOP.KZ
ӘЧ-2018

Хорватия президентімен суретке түскен ақтаулық жігіттер желіде жұлдыз болды

 

Күллі әлем жұртшылығы көз тіккен доп додасынан қазақстандық футбол жанкүйерлері де қапы қалмай, Ресейге арнайы ат басын бұруда. Олардың суреттері желідегі түрлі парақшаларда тарап үлгеріп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстан құрамасы бақ сынамаса да, өзге командалардың ойынын тамашалауға барған жандар қатарында маңғыстаулық жігіттердің суреті «хитке» айналды.

Өйткені, олар күні кеше Ресейді жеңіп, жартылай финалға жолдама алған Хорватия елінің президенті Колинда Грабар-Китаровичті ортаға алып рәсім жасаған.

Ресейде жүрген жігіттердің суреті Instagram желісіндегі Ladаkz парақшасына жарияланды.

«Ақтаулықтар ӘЧ-2018-де Хорватия президентімен. Борашев Мержан, Кенжетаев Серік, Құрашев Мұхтар», — делінген сурет анықтамасында.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*