ALADOP.KZ
Әлем футболы

Хулен Лопетеги: Ойынымыз жүрмей тұр

Өткен аптада УЕФА чемпиондар лигасының екінші тур ойындары өтіп, осы турнирдегі 8000-шы гол соғылды. «Тоттенхэм» футболшысы Эрик Ламеланың «Барселона» қақпасына соқққан добы 8000-шы болып тіркелді. Бұл турда күтпеген нәтижелер де тіркелді. Мысалы, ЦСКА Мәскеуде чемпиондар лигасының жеңімпазы «Реалды» қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті. Мадрид командасы сапында бұл кездесуге негізгі құрамдағы бірнеше футболшы шыққан жоқ. Бірақ бұл корольдік клубқа сылтау емес. Кілең жастарға сенім артқан армияшылар командасы жанкешті ойынымен көзге түсіп, жанкүйерлеріне тамаша сый жасады. ЦСКА сапынан жеңіс голын Никола Власич соқты.

Хулен Лопетеги «Реал» ФК бас бапкері

— Бізге сәттілік жетіспеді. Гол соғатын жақсы мүмкіндіктер көп болды. Кез-келген позициядан соққы жасап көрдік. Алыстан да жақыннан да қақпаны нысанаға алдық. Бірақ доп қақпаға дарымады. ЦСКА өз алаңында қажетті нәтижеге қол жеткізді. Ал біз өз деңгейімізді көрсете алмадық.

Мәскеу жанкүйерлерінің қуанышын Игорь Акинфеевтің алаңнан қуылуы бұзды. ЦСКА қақпашысы матч аяқталар тұста тулай жөнеліп, төрешіге тап берді. Бас қазы футболшыны «қызыл қағазбен» жазалады. Акинфеев «Ромамен» болатын ойынға қатыспайды.  

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*