ALADOP.KZ
Басты ақпарат Әлем футболы

Икарди бар кінә Мессиде екенін айтты

Аргентина құрамасы кеше жолдастық кездесу өткізіп, Мексиканы 2:0 есебімен жеңді. Мессидің уақытша демалыс алғанына байланысты құрама бапкерлері шабуыл шебіне Мауро Икардиді шақырды. 25-жасар аргентиналық бұл ойында гол соқты. Бұл оның құрама сапындағы небәрі 8-ойыны болатын.

«Біздің қазіргі құрамамыз жастардан құралған. Барлығы бір-бірін жақсы түсініседі. Осының алдында құрамаға алынғанымда ондай атмосфераны байқамаған едім. Керісінше жастар мен тәжірибиелі ойыншылардың арасында бөлінушілік болды. Ал қазір барлығы тамаша. Біз, Аргентинаны қайта қалпына келтіріп, бапкерлер штабының сенімін ақтай аламыз» — деді Мауро.

Айта кетейік Икарди Макси Лопестің жақсы көретін қызын тартып әкетіп, өзінің нақсүйері қылып еді. Бұл оқиғаға Месси араласып, Мауроны бапкерлер құрамаға шақырмайтын болған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*