ALADOP.KZ
Қазақстан

Исаэльден бір жас кіші бапкер келді

«Қайрат» командасында  бірнеше оқиға орын алды. Команда сапында 5 маусым бойы тер төккен Исаэль Барбоза клубтан кететін болды. 31 – жасар бразилиялық ойыншы «Қайрат» үшін 129 ойында алаңға шығып,  38 гол соқты. Ол алматылық клуб сапында 4 мәрте күміс жүлдегер бір рет қола жүлдегер атанған. Сонымен қатар жартылай қорғаушы Қазақстан кубогының 2 дүркін иегері атанғанын да қоса кетейік. Исаэльдің спорттық ғұмырын қайда жалғастырары әлі белгісіз.

Ал чемпионат бітісімен жаңа бапкер алдыртқан Алматылық клуб жанкүйерлерді таңқалдырудан танбайды. Исаэльден бір жас кіші Алексей Шпилевский «Қайраттың» аға бапкері болып тағайындалды. Бапкерлік қызметті кеше бастап бірден үлкен қызметке жайғасқан белорус маманы сенімді ақтай алар ма екен? Бұрын Шпилевский «Динамо» Брест командасын жаттықтырыпты. Сонымен қатар, немістің «Лейпциг» командасында бапкерлік тәжірибиесін толықтырған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*