ALADOP.KZ
Премьер-лига Қазақстан

Исаэльдің голы – Премьер-лиганың он жетінші турының үздігі

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың он жетінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
Өткен тур нәтижелі болды. Соғылған голдардың саны — 17. Төрт гол пенальтиден қақпаға енді.
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі @pflkaz тобында дәстүрлі сауалнама жүргізілді.
Бірінші орынды алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Исаэльдің «Ертіс» қақпасына соққына екінші голы иеленді. Бразилиялық шебердің голына дауыс бергендердің саны — 534.
Үздік үштік келесідей:
1. Исаэльдің екінші голы (Қайрат – Ертіс) – 534 дауыс;
2. Асхат Тағыберген голы (Ордабасы – Қайсар) – 334 дауыс;
3. Исаэльдің бірінші голы (Қайрат – Ертіс) – 200 дауыс.
Премьер-лиганың 17-турының үздік добы атанған Исаэльдің екінші голы «Шілде айының үздік голы» сауалнамасына қатысады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*