ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

Эден Азар мен Поль Погба «Реал Мадрид» сапына ауысады

Бұл ақпарат туралы «Telefoot» баспасында жұмыс істейтін журналист Фредерик Каландж мәлімдеп отыр. Өйткені, Фредерик көптеген франциялық танымал футболшылармен және жаттықтырушылармен жақын араласады. Оның сөзінен сенсек, жазғы трансферлік ауыс-түйіс кезінде Зенедин Зиданға клуб басшылығы жаңа ойыншылар алу үшін 500 млн. еуро қаржы бөлмек. Ал аты аңызға айналған бапкер «МЮ» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны сатып алғысы келеді. Бұл ойыншыға жобамен 150 млн. еуро жұмсамақ ниетте. Ал ең қызығы жазда Эден Азар «Реал» сапына қосылатынына Фредерико Каландж бек сенімді. Оның айтуынша, «галактикос» басшылары ойыншының өзімен жаңа келісім шарт төңірігінде барлық сұарқатды шешіп қойған. Енді тек трансферді күту ғана қалыпты. Одан бөлек, «Ливерпуль» сапындағы Садио Мане де Зидан қалаған ойыншылар тізімінде бар.

 Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*