ALADOP.KZ
Әлем футболы

Эмеридің «Эмирейтстегі» жеңісі

Ағылшын премьер-лигасының 14-турының орталық кездесуі Лондонда өтті. Әйгілі «Эмирейтсте» «Тоттенхемді» қабылдаған Эмери шәкірттері 4:2 есебімен қонақтардың қалпағын қайырды. Испандық бапкердің келуімен жағдайы жақсарған  «Арсенал» бұрынғыша «үздік төрттіктің» ішіне кіріп қана қоймай, лигада топ жаруды көздейтіні анық.

Кездесу басталысымен алаң иелері тайлы-тұяғымен шабуылға көшті. Нәтижесінде бірінші болып есеп ашты. Ойынның оныншы минутында Обамеянг 11-метрлік айып добын мүлтіксіз орындады. Бірінші тайм қонақтардың пайдасына аяқталды. Есеп 1:2. Гол авторлары: Кейн мен Дайер. Ойынның екінші бөлігінде айы оңынан туған Обамеянг бастаған жігіттер жеңісті жұлып алып кетті. Алдымен габондық шабуылшы Обамеянг есепті теңестірсе, ойынға тыңнан қосылған Ляказетт есепті еселеді. Кездесудің нүктесін Торрейра қойды. Есеп 4:2. Осы ойыннан соң «Арсеналдың» жеңілістің ащы дәмін татпай келе жатқандарына 18 ойын болды.

Руслан Мералиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*