ALADOP.KZ
Әлем футболы

Энрике: «Жеңуге дайынбыз!»

Испания ұлттық құрамасының бас бапкері Луис Энрике ұлттар Лигасы аясында Англияға қарсы өтетін кездесуге байланысты өз ойымен бөлісті.

«Біз тек жеңуді ғана ойлаймыз, дегенмен де Англияның да осал қарсылас емес екенін ұмытпаймыз. Алғашқы ойында олар бес қорғаушымен ойнады, бірақ жарақаттарға байланысты жүйені өзгертті. Біз «Уэмблиде» ойнағанымыздай ойнауға дайынбыз және де жақсы ойынның арқасында жеңуге тырысатын боламыз. Менің ойыншыларым жақсы көңіл-күйде. Бұл құрама маған «Барселонаны» есіме түсірмейді және оларды салыстыру да әділ болмас». — деді Энрике.

Естеріңізге сала кетейік ойын бүгін түнде Севильяның «Рамон Санчес Писхуан» стадионында астана уақытымен 00:45-те басталады.

Руслан Мералиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*