ALADOP.KZ
Қазақстан

Эричпен кездейсоқ кездесу

«Астана» футбол клубының және Қазақстан құрамасының қақпашысы Ненад Эричті жат­ты­ғу залынан кез­дес­тірдім. Қа­ра­пайым халық баратын жат­­тығу залынан Қазақстан Пре­мьер-лига­сы­ның 4 дүркін чем­пионын көремін деп кім ойлаған? Отандық командалардың ойынын көп көрмейтінмін, бі­рақ «Астана» коман­да­сының соң­­ғы жетістіктерін та­ма­ша­ла­мау мүмкін емес. Ел­ор­да­лық аяқ­допшымен аман­да­сып, жат­­тығу барысында әңгі­ме­лесе кет­тік.

– Жылдан жылға сіздің ше­бер­­лігіңіз артып келе жат­қан­дай, мұның сыры неде?

– Жылы лебізіңізге рахмет, бар­лық ойыншылар алаңда өз­дерін жақсы қы­ры­­нан көр­се­туге тырысады, бұл фут­болдың сөзсіз талабы. Әр ойыншы ұжым­ның жетістігі үшін әр жаттығу сайын бапкердің нұс­қау­лығын орындап, өзін-өзі же­тілдіріп отырады.

– Осы маусымда Еуропа Ли­га­сы­ның топтық кезе­ңін­де керемет ойындар өткі­зіп, плей-офф кезеңіне жол­да­ма алды­ңыз­дар. Топ­тың фавориті саналған «Виль­яреал­ға» қарсы ойында ас­қан ше­бер екеніңізді тағы да дәлелдедіңіз. Сол ойынды стадионда тамашалағанмын, сіз­дің сейвтеріңіз бол­мағанда, біз­дін клуб 4-5 гол өткізер ме еді?..

– Футбол командалық ойын, бұл ко­ман­­даның еңбегі. Біз жан­күйе­рлер үшін ба­ры­мызды сала­мыз.

– Елордалық командаға қол­дау көр­сетіп, сіздің ойыныңызды бақылап жан­күйер болған­дай­мын, командамызда сіз­дей ойыншылардың барын бар­ша қазақ футболының жан­күйер­лері мақтанышпен айтады! – деп едім ол мақта­ға­­ныма ыңғай­сызданып, «мен бұны бағалаймын, мен үшін жан­күйерлердің ықы­ла­сы ма­ңызды» деп өзінің өте қа­ра­пайым адам екенін көр­сет­ті.

Кездейсоқ кездескендіктен Ненад­пен ұзақ сөйлесе ал­ма­дым, қол алысып су­­ретке түс­кеннен кейін маған сәт­ті­лік тілеп: «кездескенше» деді. Жан­күй­ер үшін бұдан асқан ­қуа­ныш бар ма?!

  Ерасыл ӘУЕЗХАН,

№76 мектеп-лицейінің түлегі

АСТАНА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*