ALADOP.KZ
Басты ақпарат Үздіктер

Қ.Ордабаев: Үздік қорғаушы деп Ғафұржан Сүйімбаевты айтар едім

Қазақ футболының ардагері, әйгілі қақпашы Құралбек Ордабаев. Біз биылғы футболдан Қазақстан премьер лигасының биылғы  маусымның үздіктері кі деген сауалға жауап алу мақсатында Құралбек Досжанұлына келіп отырмыз.

— Ендеше әңгімемізід көпке созбай осы маусымның үздіктерін айтып берсеңіз. Алдымен сіздің оң жамбасыңыға келетін дейміз ба немесе сіз үшін ең оңай сұрақ үздік қақпашы биылғы маусымдағы кім деп ойлайсыз?

— Бүгінгі күні біздің Қазақстан чемпионатында ең жақсы деп айтатын қақпашыларым аз. Өзім қақпашы болғаннан кейін мен шамалы соларға аздап көңіл бөліп отырамын. Ал енді бүгінгі күні «Астананың» қақпашысы Эрич өте бір мықты ойындарымен көзге көрінді. Менің ойымша көптеген ойындарда, чемпионатта және Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасында өте бір жақсы ойын көрсетіп, команданы бүгін 50 процент алып шықты деп айтуға болады.

— Түсінікті. Енді осы биылғы біріншілікте жанкештілік танытқан тас қамал қорғаушы кім?

— Мына Қайрат футбол клубындағы Сүйімбаев деген өзі бір жақсы ойыншы. Кешегі  ойындарды көрдіңіз Латвиямен өте жақсы гол соқты. Менің есебім бойынша ойын  бойынша осы «Қайраттың» қорғаушысы Қазақстанның  ең жақсы белді қорғаушысы деп айтуға болады.

— Алаң ортасынан ойқастап әріптестерін паспен жарылқаған жартылай қорғаушы кім деп ойлайсыз ең үздік?

— Бұл жерде енді өзіміздің бетке ұстайтын елге белгілі Ресейге де белгілі уақтысында «Кубань» Краснодарда ойнады. Бүгін өзіміздің «Қайрат» футбол клубында ойнайды. Исламхан Бауыржан дейтін өте бір жақсы ойыншы. Биылғы жылы аздаған кемістіктері болды. Соны түсініп мүмкін шаршаған шығар, мүмкін отбасы жағдайы болған шығар кейін соңғы  ойындарда соңғы мынау чемпионатта өте бір жақсы нәтиже көрсетті. Оның берген пасымен көптеген голдар салынды. Ол енді бүгінгі күні «Қайраттың» белді ойыншысы. Қазақсатнның белді ойыншысы. Ұлттық команданың да белді ойыншысы. Және де Ұлттық құрама команда капитаны. «Қайрат» футбол клубының да капитаны. Сол себептен Бауыржан Исламханған өте бір көңілім толып келешегі бар азамат. Бірақ мұның бәрі өзіне байланысты.

Алдыңғы шепте алмас қылыштай жарқылдаған өткір шабулшы кім осы маусымдағы сіздің ойыңызша?

— Бұл жерде енді айту өте қиын. Шетелден келген легионерлерді айтудың қажет жоқ. Өзіміздің келешекте ертеңгі күні осы шабулшы Қазақстан футболына ұлттық командасына өзінің голымен шеберлігімен көріне біледі деген оймен Тұрысбек дейтін «Тобыл» Қостанайда ойнайтын шабуылшыны айтқым келеді. Уақтысында «Қайратта» ойнады. Қазіргі кезде өзі жақсы ойын көрсетіп отыр. Сол жігіттен үміт күтуге болады. Көп еңбектену керек. Көп жұмыс жасау керек.  Бірақ бізде кейбір жігіттер аздап мастанып кетеді. Сеебебі біздің прессалар аздап бүлдіреді. Аздап мақтап жереді,. Бірақ адамға жігітке өзіне байланысты.

— Болашағынан зор үміт күттіретін осы маусымда жарқ ете қалған жас талант кім деп ойлайсыз?

— Бүгінгі бізде енді жаңағы жас ойыншы деп айтуға болады. Мысалы «Қайрат» футбол клубында жас бала Әліп дейтін. Ол енді келешегі бар жас бала өте жақсы бала. Және де мына «Астана» футбол клубында «Тараз» футболынан  ауысып келген Бақтияр Зайнутдинов олда бір келешегі бар жақсы бала. Солар көбірек болса Қазақстан футболының болашағы жақсы болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*