ALADOP.KZ
Еурокубок Әлем футболы

«Ювентус» қаржылық қиындықтарға тап болды

Туриннің «Ювентусі» өткен 2017-2018 жылғы футбол маусымын қарызбен аяқтаған.

Бұл жөнінде аталған клубтың иегері «Exor» компаниясы  жасаған жылдық қорытынды есепте белгілі болды. Салыстырмалы түрде итальяндық клуб өткен жылы 18,9 млн. еуро көлемінде қарызға батқан. Ал клуб өз ішінде операциялық қателіктердің кесірінен 60 млн. еуродан айырылып отыр. Міне, сондықтан қазір «ескі Синьорраның» басшылығына бұл қиындықтан құтылу үшін біршама тер төгу керек екені көрініп тұр.

Естеріңізде болса, «Ювентус» өткен маусымның соңында қаржының басым бөлігін Дуглас Костаны сатып алуға жұмсаған еді. Оған қоса, «Юве» Чемпиондар лигасында алдыңғы жылмен салыстырғанда биыл 35 млн. еуроға аз табыс тапқан.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*