ALADOP.KZ
Басты ақпарат Еурокубок Қазақстан

Калоян Петков: Шымкенттегі ойында жіберген қателіктерден келесі кезеңге шыға алмадық

Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» УЕФА әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыға алмады.

Негізгі жерлестеріміз керемет мүмкіндік болып еді. 1/16 финалдың алғашқы ойынында (Шымкентте) Каталониядан келген «Барселона» қыздарын 3:1 есебімен ұтқан. Басында 3 доппен ұтып тұрған. Соңында жіберген бір гол келесі кезеңге шығуға кедергі келтірді.

Себебі, Барселона қаласындағы «Мини Эстади» стадионында ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп – 3:0.

«БИІК-Қазығұрт» командасының бас бапкері Калоян Петков та Шымкенттегі ойында жіберген қателіктердің салдарынан келесі кезеңге өте алмадық деп отыр.

– Бірінші кезекте мынаны түсіну керек, біз Чемпиондар лигасындағы үздік командалардың бірімен ойнадық. Шымкенттегі ойында жанкүйерлердің қызу қолдауының арқасында жеңіске жеттік. Ал екі ойынның қорытындысы бойынша алғашқы матчта-ақ есе жіберген едік. Себебі, қақпамызға болмашы жерден бір гол өткізіп алдық және екі-үш мүмкіндігімізді пайдаланған жоқпыз. Қарымта ойында 25-минутта гол соққанымызбен, төреші офсайд деп есптемеді. Кейіннен бапкерлер штабы бұл эпизодты қарағанда, ешқандай ойыннан тыс қалу болмағанын аңғардық, – дейді Калоян Петков.

«Барселона» (Испания) «БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) 3:0

Голдар: Гихарро, 4 (1:0). Торрехон, 48 (2:0). Мартенс, 90 (3:0).

 «Барселона»: Паньос, Леон, Лосада (к), Торрехон, Мариона (Бонмати, 88), Гихарро, Уахаби, Дагган (Андонова, 69), Перейра, Амрауи, Мартенс.

 «БИІК-Қазығұрт»: Железняк (к), Розенкуист, Габелия, Құлмағамбетова (Иквапут, 81), Литвиненко, Машкова, Красюкова, Ихезуо, Адуле, Кравец, Корт.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*