ALADOP.KZ
Басты ақпарат УЕФА Шолу Ұлттар лигасы Әлем футболы

Камбэк! Голландия Англиядан финалға берілер жолдаманы жұлып алды

Англия — Голландия 1:1 (1:3 экстра тайм)

Гол авторлары: М. Рэшфорд, 32 мин (пенальтиден) — М. де Лигт, 73 мин. К. Уокер, 97 мин, К. Промес, 114 мин.

«Афонсу Энрикеш» стадионы.

Ұлттар Лигасының екінші жартылай финалдық матчы қызыққа толы болды. Алғашқы минуттардан бастап ойын тізгінін қолға алған Нидерланды футболшылары шабуылда өндіріп ойнай алмады. Түбі 32 минутта қорғаушы Маттейс де Лигттің қателігінен соң төреші пенальти белгіледі. Тəуекелге бел буған Маркус Рэшфорд мүлт кетпей есеп ашты. Тайм ағылшындар пайдасына аяқталды.

Ал екінші таймда шабуылға қарқын қосқан Нилерланды футболшылары дегендеріне жетті. Өз қателігін жуып шайған де Лигт есепті 1:1 етті. Негізгі уақыт осы есеппен  де аяқталды.

Теке тіреспен өткен матч экстра таймға ұласты. Ойын тағдырын ағылшындардың бір қателігі шешіп кетті. 97 минутта қорғаушы Кайл Уокер өз қақпасына гол соғып алды. «Арыстандардың» екіпінді шабуылын 114 минутта ойынға тыңнан қосылған Квинсес Промес гол соғып басты. Есеп 1:3.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*