ALADOP.KZ
Әлем футболы

Каминг-аут жасаған тұңғыш төреші

Бесінші ағылшын дивизионының матчтарына төрешілік ететін Райан Аткин «еркекқұмар» екенін баршаға жария етті. Аткин өзінің мойындауымен ағылшын футболындағы жасырынып жүрген  гомосексуалшыларға үлгі болатындығына үміттенеді.

«Қазір шындықты айту үшін ең ыңғайлы уақыт деп есептеймін. Иә мен геймін. Бұл мен үшін — елеусіздікке қадам. Ұлыбританияда осы шақта ашық гей-футболшылар жоқ, ал бүгінгі күнге дейін гей-төрешілер мүлде болмады. Менің бұл әрекетім басқаларға осындай жағдайда өздерінен сенімділік табуға көмектеседі деп үмітенемін» — деп мәлімдеді Аткин.

Сонымен 32 жастағы төреші Ұлыбританиядағы каминг-аут жасаған тұңғыш арбитр атанды.

Бір қызығы Англияның футбол қауымдастығы (FA) Аткинге толықтай қолдау білдірді.

Картинки по запросу райан аткин

Руслан Мералиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*