ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Трансфер Әлем футболы

Карраско: «Арсеналмен келісім-шарт сəтті аяқталуға жақын»

Бельгия  құрамасының ойыншысы Янник-Феррейра Карраско Лондонның «Арсенал» командасына ауысу жайынан хабардар етті. Бұл туралы 25 жастағы ойыншы Испанияның «Sport» басылымына берген сұхбатында айтты.

«Қазір «Арсеналмен» келісім шарт жақсы өтіп жатыр. Мен өз командам үшін маңызды ойыншы екенімді түсінем. Алайда, бұған қарамастан жеке себептеріме түсіністікпен қарап клуб мені жібереді деп сенемін. Жеке жəне отбасы жағдайыма байланысы қайтадан Еуропаға оралғым келеді. Негізі АПЛ физикалық жағынан кез келген ойыншы үшін оңайға соқпайтын лига. Дегенмен менің ойын мəнерім Ағылшын футболына да келеді деп ойлаймын».

Естеріңізге сала кетейік, Каррасконы 2018 жылдың ақпанында Қытайдың «Далян Ифан» командасы «Атлетикодан» 30 млн. еуроға сатып алған еді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*