ALADOP.KZ
3-тайм Еурокубок Әлем футболы

Клаудио Маркизио Ресейдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанды

Санкт-Петербургтің «Зенит» командасы италиялық жартылай қорғаушы Клаудио Маркизионы қатарға қосты. Еркін агент ретінде ауысқан Маркизио Ресейдегі ең табысы жоғары футболшы атанып отыр.

32 жастағы ойыншы жылына 6,5 еуро табыс табады. Келісімшарт екі жылға жасалған. Бұған дейін рекорд тағы бір «Зенит» ойыншысы, аргентиналық Леандро Паредеске тиесілі болған. Оның жылдық жалақысы – 5 миллион еуро болған.

Маркизио «Ювентустің» жүйесінде 25 жылын өткізген. Турин командасы сапында 7 дүркін Италия чемпионы, 4 дүркін Италия кубогының иегері атанды. Сондай-ақ УЕФА Чемпиондар лигасының финалында екі рет өнер көрсетті.

2009 жылы тамыз айында Италия құрамасы сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Осы уақытқа дейін құрама сапында 55 матчқа қатысып, 5 гол соққан. Италиямен Еуропа чемпионатының күміс жүлдесіне Конфедерация кубогының қоласына ие болған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*