ALADOP.KZ
Әлем футболы

Криштиану Роналду «Ювентус» сапындағы алғашқы голын соқты (Видео)

Италия чемпионатының 4-итурында «Ювентус» пен «Сассуоло» кездесті. Туриндегі ойында алаң иелері Криштану Роналду дублінің арқасында жеңіске жетті.

Бұл Роналдудың «Ювентус» сапындағы алғашқы голы. Бірінші добын соғу үшін 320 минут қажет болды.Ол алғашқы 3 турда қарсыластардың қақпасына 28 рет соққы жұмсап, дәлдік жасай алмап еді.

Айтпақшы, Роналдуың екінші голы оның ұлттық чемпионаттағы соққан 400-голы. Бұған дейін ол «Реал» сапында Испания чемпионатында 311, МЮ-мен Англия біріншілігінде 84, «Спортинг» сапында Португалия чемпионатында 3 және «Ювентуспен» Италия чемпионатында 2 гол кіргізіп отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*