ALADOP.KZ
Әлем футболы

Кристиан Пулишич «Челсиге» ауысты

Жаңа жылдың алғашқы айында Еуропа футболында қысқы ауыс-түйістер басталды. Алғашқы ірі трансфер Дортмундтың «Боруссиясы» мен Лондонның «Челсиі» арасында жасалды. Неміс бундеслигасында доп тебетін Кристиан Пулишич келесі маусымды ағылшын премьер-лигасында бастайды. «Челси» жартылай қорғаушыны «Боруссиядан» 64 млн еуроға сатып алды. Пулишич Лондонға жазда ауысады. Оған дейін Дортмундта қала береді. АҚШ құрамасының футболшысы осы маусымда неміс командасы сапында 18 ойынға қатысып, 3 гол соқты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*