ALADOP.KZ
3-тайм

Ла-лига АҚШта өтуі мүмкін

Испан премьерасы құлашын кеңге сермеп, мұхиттың арғы бетіндегі нарыққа көз тікті. ЛА Лига басшылығы тамызда АҚШ-тың ірі компаниясымен келісім-шартқа отырып, чемпионаттың бірнеше кездесуін Солтүстік Америка аумағында өткізуге келіскенді. 15 жылға арналған әріптестік аясындағы алғашқы матч 26-шы қаңтарда Майами қаласында өтуі тиіс. Испания біріншілігінің 21-ші турындағы «Жирона» — «Барселона» кездесуі АҚШ аумағындағы тұңғыш ойын болмақ. Ла Лига президенті Хавьер Тебас қос команданың барлық шығынын Америкалық компания өтейтінін де атап өтті. Алайда бұл жоспардың жүзеге асуы әлі белгісіз. Себебі Испания футбол федерациясы мен ФИФА лига ойындарының АҚШ-та өтуіне қарсы шықты. Испанияның премьер-министрі Педро Санчес те бұл бастаманы қолдамайтынын мәлімдеді. Алайда Каталониялық командалар мұхиттың арғы бетінде доп теуіп қайтуды теріс көрмейтін секілді. «Барселона» бас бапкері Эрнесто Вальверде де нақты пікір білдіруден қашқақтады. Енді соңғы шешімді футболшылар айтуы тиіс.

Эрнесто Вальверде «Барселона» ФК бас бапкері

Бұл мәселені күте тұрайық. Себебі алда әлі көп уақыт бар. Нақты шешім шыққан жоқ. Жоба бойынша бір ойын өткіземіз ба әлде бірнеше кездесу бар ма ол жағы белгісіз. Бұл жаңадан пайда болған үлкен жоба, сондықтан ол туралы көп ойлану керек.     

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*