ALADOP.KZ
3-тайм

Әлемдегі ең кәрі футболшы «Йокогама» командасымен келісім шарт мерзімін ұзартты

Әлемдегі ең кәрі футболшы «Йокогама» командасымен келісім шарт мерзімін ұзартты

48 жастағы шабуылшы Кадзуёси Миура жапониялық «Иокогама» командасында тағы бір жыл доп теппек. 

Әлемдегі ең кәрі футболшы көпшілікке — Кадзу  есімімен танымал. Шабуылшы «Иокогама» сапында 2005 жылдан бастап ойнаған. Сол жылы австралиялық «Сиднейге» 2 айға жалға беріліп, 2006 жылы бұрынғы командасына қайта оралды. «Иокогамада» 149 ойын өткізіп, 18 голдың авторы атанған. 

 «Иокогама» — Жапонияның екінші дивизионында (Джей-лига) өнер көрсететін клуб.

Үлкен футболдағы мансабын 1986 жылы бразилиялық «Сантос» клубынан бастаған. 1994 — 1995 жылдары Италияның А Сериясында доп тепкен алғашқы жапониялық футболшы атанды. «Дженоа» сапында 21 ойын өткізіп, 1 гол соққан. Бразилия, Хорватия біріншіліктерінде доп тепкен.

1990 — 2000 жылдар аралығында Жапония ұлттық құрамасында ойнаған. Ұлттық құрама тарихындағы екінші үздік сұрмерген.

(89 ойын, 55 гол)

1992 жылы футболдан Азия Кубогының чемпионы атанған.

2012 жылы мини — футболдан Әлем чемпионатында бақ сынап, Жапония сапында 4 ойынға қатысқан.

Абылайхан ЖҰМАШ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*