ALADOP.KZ
Үздіктер

Әлемдегі ең қымбат футбол клубы анықталды

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубы Forbes журналының тізген тізімі бойынша қатарынан екінші жылы әлемдегі ең қымбат футбол клубы атанып отыр, деп хабарлайды басылымның ресми сайты.

Өткен жылмен салыстырғанда «Манчестер Юнайтедтің» құны 12 пайызға өсіп, 4,123 миллиард долларға бағаланып отыр. 2017 жылы клубтың бағасы 3,69 миллиард болған еді. Екінші орында мадридтік «Реал». «Карольдік клубтың» құны 4,088 миллиард доллар. Өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға өскен. Үздік үштікті 4,064 миллиард долларға бағаланып отырған «Барселона» түйіндеп отыр. Каталониялық клубтың құны 12 пайызға көтерілген.

Әлемдегі ең қымбат 20 футбол клубының тізімі мынадай:

4. «Бавария» (Германия) – 3,063 миллиард доллар (+13%),

5. «Манчестер Сити» (Англия) – 2,474 (+19),

6. «Арсенал» (Англия) – 2,238  (+19),

7. «Челси» (Англия) – 2,062 (+12),

8. «Ливерпуль» (Англия) – 1,944 (+30),

9. «Ювентус» (Италия) – 1,472 (+17),

10. «Тоттенхэм» (Англия) – 1,237 (+17),

11. «Пари Сен-Жермен» – 971 миллион (+16),

12. «Боруссия» Дортмунд – 901 (12),

13. «Атлетико» Мадрид – 848 (+16),

14. «Вест Хэм» – 754 (+19),

15. «Шальке» – 707 (+12),

16. «Рома» – 618 (+9),

17. «Милан» – 612 (-24),

18. «Интер» – 606 (+13),

19. «Лестер» – 500 (+21),

20. «Наполи» – 471 млн (+21)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*