ALADOP.KZ
Әлем футболы

«Ливерпуль» бес ойын қатарынан жеңіске жетті

Англия премьер-лигасының 5-турының шымылдығы «Уэмбли» стадионында ашылды. Лондондағы кездесуде «Тоттенхэм» мен «Ливерпуль» жолықты.

Юрген Клопп жаттықтыратын «Ливерпульдің» қарқыны қатты. Тіпті, қонақтар алғашқы минутта-ақ есеп ашқан. Алайда Вормның автоголын төреші есепке алған жоқ. Себебі, ол кезде Мане офсайдта болған.

Бәрібір де «Ливперпуль» ойыншылары үзіліске дейін алға шығарып үлгерді. Көзге түскен Вейналдум. Одан кейін екінші кезеңде Фирмино есепті еселей түсті. «Тоттенхэм» төреші қосқан қосымша минутта бір гол соқты одан әріге  шамалары жеткен жоқ.

«Тоттенхэм» — «Ливерпуль» — 1:2

Голдар: Вейналдум, 39 (0:1). Фирмино, 54 (0:2).Ламела, 90+3 (1:2). 

«Тоттенхэм»: Ворм, Триппьер, Альдервейрельд, Вертонген, Роуз, Дайер (Ваньяма, 83), Дембеле (Ламела, 60), Уинкс (Сон Хын Мин, 74), Эриксен, Лукас, Кейн.

«Ливерпуль»: Алиссон, ван Дейк, Гомес, Робертсон, Александр-Арнольд (Матип, 90), Вейналдум, Милнер, Кейта (Старридж, 83), Фирмино (Хендерсон, 74), Мане, Салах.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*