ALADOP.KZ
Әлем футболы

Лондон — бүгін қызыл!

Аптаның соңғы күнінде ағылшын премьер-лигасының жеңімпазы «Челси» мен кубоктық додада топ жарған «Арсенал» өзара суперкубокты сарапқа салып, биылғы маусымның шымылдығын ашты. Тартысты өткен кездесуде негізгі ойын 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын тағдыры 11-метрлік лотерея арқылы шешілді. Пенальти сериясында мерейі үстем болған «канонирлер» 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша Венгер баптайтын лондондық «Арсенал» суперкубоктық бәсекеде 15 рет жеңіске жетіп отыр.

Арсенал (Лондон) 1:1 (пен. 4:1)Челси (Лондон)

Голдың авторлары: 46 мин, Мозес(Кэхилл) — 82 мин, Колашинац(Джака)

Ойыннан қуылды: 80 мин, Педро (Челси).

2455aaРуслан Мералиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*