ALADOP.KZ
ӘЧ-2014 ӘЧ-2018

Мұхаммед Салах: Алғашқы ойынға қатысуым әлі белгісіз

Ресей Федерациясына келген Мұхамед Салах жергілікті журналистермен тілдесті.

— Алғашқы ойында алаңға шығу шықпасым әлі белгісіз. Дәрігерлер қалай шешім шығарарын білмеймін. Бірінші ойынға қатыспағаныммен, қалған екі ойында алаңда болуым керек — деп жауап қатты Салах.

Египет құрамасы қазір Грозный қаласындағы «Ахмат Аренада» жаттығу жұмыстарын өткізуде. Олар 15-маусы күні Уругвай құрамасымен кездеседі. Жаттығуға Мұхамедті Чечния президенті Рамзан Қадыровтың өзі алып шықты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*