ALADOP.KZ
Әлем футболы ӘЧ-2018

Мұса Кабананганың клубтасы атанып, ең табысты африкалық футболшы болуы мүмкін

 

Нигерия құрамасының шабуылшысы Ахмет Мұса Сауд Арабиясының «Әл-Насыр» клубына ауысуы мүмкін.

Шабуылшының қызметіне «Әл-Насыр» клубы кәдімгідей қызығушылық танытып отырған көрінеді. «Спорт-Экспресс» басылымының хабарлауынша, трансфердің құны 33 миллион еуроны құрауы мүмкін. Ойыншының клубпен жеке келісім-шарты бойынша ақпарат ресми мәлім болмағанымен, Мұса африкалық ең табысты футболшы атануы мүмкін.

Ахмет Мұсаағылшындық «Лестер» клубына тиесілі ойыншы. ӘЧ-2018-де құрама сапында сәтті өнер көрсетуі шабуылшының қызметіне қызығушылардың артуына себепкер болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» сапында өнерімен қазақстандық жанкүйерлерге танымал шабуылшы Жуньор Кабананга «Әл-Насыр» клубының ойыншысы саналады. Алайда, ағымдағы жылдың шілдесінен бастап конголық шабуылшы елордалықтар сапына біржылдық жалға қайта алынған болатын.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*