ALADOP.KZ
ӘЧ-2018

Мәскеуге 2,7 миллион турист келді

Футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатына байланысты Ресейге ағылған туристер саны еселеп артты. Тек ел астанасы Мәскеудің өзіне футболды көруге 2 миллион 700 мың турист келген.
Атап өтілгендей, Мәскеуге келген туристер саны 19 пайызға, Саранскіде 1678 пайызға ұлғайған. 300 мың ғана тұрғыны бар Саранск үшін бұл тарихи жағдай болды. Ал Мордовия астанасына он мыңға жуық перулік келіп-кеткен соң шаһар Перуанск деп аталатын жаңа бейресми атауға ие болды. Шетелдіктерді ресейлік қаланың атаулары әбден әбігерге салды. Бірі Ростовтағы Донды Ұлы Ростовпен шатастырса, бірі Төменгі Новгордқа жол жүріп, Ұлы Новгордтан бір-ақ шыққан. Ал қытайлық туристер Мәскеу университетін тамашалаудың орнына Мордовиялық жоғары оқу орнына барып қайтқан.

«Түрлі қызықты жағдайлар болды. Жанкүйерлер Төменгі Новгордты Ұлы Новгородпен шатастырып алған. Бірақ жергілікті тұрғын шетелдіктерді жақсы қарсы алған. Туристер де футболды көре алды. Тек стадионнан емес, үлкен плазмалық теледидардан. Біздің адамдар ақпейіл ғой. Ешкімді қиындықта қалдырмайды», — дейді РФ туризм жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Олег Сафонов.
Мундиаль өткен қалаларда туристер ағыны орта есеппен он есеге өскен. Ұйымдастырушылар жанкүйерлердің жағдайын жасау үшін түрлі шараларға барған. Мысалы, Мәскеудегі ойынның кестесі жол кептелісін ескеріп жасалынған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*