ALADOP.KZ
Әлем футболы

«Манчестер Сити» фэйр-плей ережесін бұзды

Англияның «Манчестер Сити» клубы УЕФА-ның назарына ілінді. Еуропа футбол қауымдастығы қаржылық фэйр-плей ережесінің бұзылуына қатысты мәселе бойынша тексеру жұмыстарын бастады. УЕФА-ның қаржылық бақылау жөніндегі тәуелсіз тергеу палатасы ресми тексеру ісін ашқандарын хабарлады. Әзірге УЕФА тарапынан ешқандай мәлімдемелер берілмейді. Бұған дейін түрлі бұқаралық ақпарат құралдары «Манчестер Ситидің» қаржылық фэйр-плей ережесінен аттап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бергенін жазды. УЕФА 2014-ші жылы осы жағдайға байланысты командаға 49 миллион фунт айыппұл салған еді. «Манчестер Сити» осы қаржының тек жартысын төледі. Қалған сома тек ескерту ретінде болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*