ALADOP.KZ
Әлем футболы

Марездің жағдайы мәз емес

Қысқы трансфер жабылғанымен оның айналасындағы дау әлі де толастаған жоқ. «Лестер» клубының ойыншысы Рияд Марез «Манчестер ситиге» ауыса алмағаны үшін командада жаттығудан бас тартқан. «Ауысым науқаны аяқталған соң алжир футболшысының өкпесі қара қазандай» — деп жазады ағылшын басылымдары. Жартылай қорғаушының бұл қадамы клуб басшыларының ашуына тиіпті. Осыдан кейін Рияд 2 апталық айлығы көлемінде, яғни 228 мың еуро айыппұл төлейді.

@aibek_kossan

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*