ALADOP.KZ
Премьер-лига Қазақстан

Маркос Пиззели дубль жасап, «Ақтөбе» жеңіске жетті

Қазақстан премьер-лигасының 27-турында «Ақтөбе» өз алаңында Қостанайдан келген «Тобылды» жеңді. Бұл ойын 3:1 есебімен аяқталды.

Матчтағы голдың бәрі екінші таймда соғылды. Есепті қонақтар ашқан. Кездесудің 54-минутында қарымта шабуылды жылдам ұйымдастыран Артурас Жулпас қаптал арқылы Бауыржан Тұрысбектің аяғына допты салып берді. Өз кезегінде ұлттық құрама шабуылшысы бос тұрған қақпаны дәл көздеді.

Алайда қонақтардың қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Арада 6 минут өткенде Маркос Пиззели 4 қорғаушының арасынан таразы басын теңестіріп кетті. Жеңіс голын айып соққысынан Саша Марьянович соқты. Ол 79-минутта мергендік танытты.

Ойынның нүктесін Пиззелидің өзі қойды. Қақпашының шығып кеткенін байқаған Маркос допты Непогодовтың үстінен асыра салды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*