ALADOP.KZ
Еурокубок Үздіктер Әлем футболы

Месси неге Криштианудың «Реалдан» кеткеніне таңқалып жүр?

«Барселона» командасының көшбасшысы әрі капитаны Лионель Месси соңғы жылдары «Алтын доптағы» басты бәсекелесі болған Криштиану Роналдудың «Реалдан» Туриннің «Ювентус» клубына ауысқанына қатысты пікір білдірді.

Әрине, «Реал» әлемдегі үздік командалардың бірі, оларда керемет ойыншылар бар. Бірақ Криштиану Роналдудың кетуі Мадрид командасының құрамын аз да болса әлсіретеді.

Оның «Ювентусқа» ауысуы Чемпиондар лигасындағы тағы бір фавориттің көбеюіне себепкер болып отыр. Жалпы алғанда, «Ювентустің» құрамы да қарымды. Енді Турин командасының сапына Роналду келіп қосылды.

Мен Роналдудың бұл шешіміне шынымды айтсам таңқалдым. Мадридтен кетеді деп ойлаған жоқпын. Оның үстіне, «Ювентуске» барады деген ой үш ұйықтасам түсім кірген емес. Дегенмен, «Ювентус» те жақсы клуб, – дейді Месси Radio Catalunya берген сұхбатнда.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*