ALADOP.KZ
Әлем футболы

Месси құрамаға енді ойнамай ма?

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони ұлттық құрамаға Мессидің қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ресейдегі әлем чемпионатынан кейін «Барселона» шабуылшысы құрама сапындағы ойындарға қатысудан бас тартқанды. Аргентина әлем біріншілігінде төрт ойынның біреуінде ғана жеңіске жетіп, 1/8-ші финалда жарысты аяқтаған еді. Футболшы алдағы Америка кубогына қатысатыны туралы ақпарат берген жоқ. Мамандар Месси наурыз айындағы жолдастық кездесулерде құрамаға келетінін айтады.

«Біз Леомен наурыз айындағы матчтар қарсаңында сөйлесеміз. Ол командамен бірге болады деп үміттенеміз. Біз оның бақытты болғанын қалаймыз» — дейді Скалони. Аргентина соңғы рет Америка кубогында 1993-ші жылы жеңіске жетті. Биыл олар құрлық біріншілігінің топтық кезеңінде Колумбия, Парагвай және осы турнирге арнайы шақырту алған Катар құрамасымен кездеседі. Жарыс қожайындары Бразилия Перу, Венесуэла және Боливиямен ойнайды. Америка кубогының қазіргі иегері Чили құрамасы Уругвай, Эквадор және Жапониямен сынға түседі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*