ALADOP.KZ
Ұлттық құрама

Михал Билек: Шотландияға тосынсый жасаймыз

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек тілшілермен кездесті.

— Шотландия құрамасы өте ыңғайсыз қарсылас. Олардың шабуылында өте жылдам ойыншылар бар. Сосын олардың бір ерекшелігі қорғаныстан шабуылға жылдам шығады. Осындай тұстарда біздің команда дер кезінде ыңғайланып үлгеруі керек. Дегенмен біз де оларға бір тосынсый жасаймыз.

— Бақтиер Зайнудинов пен Меркелдің құрамаға келе жатқанын естідік. Оларға қаншалықты сенім артасыз?

— Мерькел біздің сыртта ойнайтын талантты ойыншымыз. Барлық ойынға қатысып келеді. Голландия кулбының бапкері оның ойынын жоғары бағалап, алаңда көп жағдайды шешіп кетуге мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті. Зайнутдинов жайлы да солай айтуға болады. Оның «Ростовтағы» бапкерлерімен де сөйлесіп тұрамыз. Барлығы оны мақтап жатыр.

— Былтыр Алксей Щеткиннің ойынын көп сын айтылды. Көп ретте қосалқы құрамда отырып қалды. Ал «Ордабасы» сапында 1 гол соғып, 3 нтәижелі пас асырды. Ертеңгі ойында негізгі құрамда шығуы мүмкін бе?

— Щетикин соңғы ойындарды жоғары деңгейде өткізіп жүр. Бірақ, ертең негізгі құрамда кім шығатынын қазір айта алмаймын. Дегенмен Алексейдің қазіргі дайындығы жаман емес. Бүгін кешкі жаттығу өткен соң, ертеңгі ойында негізгі шабуылшымыз кім болатынын айтамын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*