ALADOP.KZ
Әлем футболы

«Миланның» басшылығы ауысты

Бүгін, шілденің 21 күні болған «Милан» акционерлерінің жиналысынан кейін клуб басшылығы қызметінен кетті.

Football Italia-ға сілтеме жасаған «Спорт-Экспресстің» хабарлауынша, клуб президенті Ли Йонхонг, бас директоры Марко Фассоне және басшылық құрамға кіретін Дэвид Хан Ли, Лу Бо, Сюй Реншуо атты азаматтар қызметтерінен босатылды.

Клубтың жаңа президенті Паоло Скарони болады. Сонымен қатар «Миланның» басшылық құрамына Марко Патуано, Джорджио Фурлани, Стефано Кочирио, Сальваторе Серчионе, Альфредо Грача, Джанлука Д’Аванзо и Фрэнк Туил кіретін болыпты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*