ALADOP.KZ
Әлем футболы

Моуриньо Погбамен бақытты күндер кешіп жүргенін жеткізді

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Жозе Моуриньо жартылай қорғаушы Поль Погбамен қарым-қатынасы туралы айтып берді.

«Мен ешқашан қазіргідей Погбамен бақытты болған емеспін. Біз екі жыл бірге жұмыс жасап келеміз және мен одан көп нәрсе сұрай алмаймын. Ол еңбек демалысынан оралып, бізбен үш күн жаттықты және мен одан маусымның алғашқы кездесуіне шығуын өтіндім. Ол негізгі құрамда алаңға шығып, біз күткеннен де жақсы ойын көрсетіп, ойында ұзақ уақыт бола алды», — деген Моуриньоның сөзін Marca жеткізді.

Моуриньо Погбаның «Лестерге» қарсы ойындағы капитандығы туралы: «Антонио Валенсия менің капитаным. Бұл шешім бұрын қабылданып қойған. Алайда, Погба бұл команданың болашақ капитаны екені бұрыннан байқалып жүр. Сондықтан да ол келесі матчқа да капитан болып шығады», — деді.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*