ALADOP.KZ
3-тайм ӘЧ-2014 ӘЧ-2018

Мыңыншы матч қашан болады?

22 маусым күні өткен Бразилия – Коста-Рика (2:0) кездесуі әлем чемпионаттары тарихындағы 850-матч болды.

Жалпы, биылға дейін болған жиырма әлем чемпионатында (финалдық турнирлер) ұзын-ырғасы 826 ойын өтіпті. Оның ең біріншісі 1930 жылдың 13 шілдесінде ойналды. «Дөңгелек санды» кездесулердің тізімі мынадай:
№ Матч Кезең Күн
1-матч Франция – Мексика – 4:1 топ 13.07.1930
100 Австрия – Уругвай – 3:1 3-орынға 03.07.1954
200 Англия – Германия – 4:2 финал 30.07.1966
300 Италия – Австрия – 1:0 2-кезең 18.06.1978
400 Аргентина – Уругвай – 1:0 1/8 финал 16.06.1986
500 Грекия – Нигерия – 0:2 топ 30.06.1994
600 Оңт.Корея – АҚШ – 1:1 топ 10.06.2002
700 Уругвай – Франция – 0:0 топ 11.06.2010
800 Коста-Рика – Англия – 0:0 топ 24.06.2014

Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі турнирлерде 17, 18 ойын ойналса, 50-60-жылдары әр додада 32 кездесу өтетін деңгейге жетті. 70-жылдары ойындар саны 38 болса, 80-жылдары қатысушылар санының артуына орай, 52 матч ойналатын болды. 1998 жылы әлем чемпионатына 32 команда қатысатын болған соң, бір турнирдегі кездесулердің саны 64 болды.

Биылғы чемпионатта да 64 матч өткізіледі. Яғни, дода соңында ойындардың жалпы саны 890-ға жетеді. Демек, 900-матчты тек 2022 жылы ғана көре аламыз. Ал мыңыншы матчқа 2026 жылы куә болатынымыз анық.

statsport.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*