ALADOP.KZ
Әлем футболы

НЕЙМАР БАРСЕЛОНАНЫ САҒЫНЫП ЖҮР 

«ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймар Каталонияны сағынып жүргенге ұқсайды. Батыс баспасөзі Бразилиялық футболшының «Барселонаға» қайтып оралғысы келетінін жарыса жазып жатыр.  Неймар бұрынғы клубындағы таныстарына да хабарласып, өтініш те жасапты. Футболшы Париждегі командаластарының өзіне көрсеткен құрметіне көңілі толмайтынын жеткізіпті. Француз клубында Неймардан бөлек, Кавани мен Мбаппе секілді сайыпқырандар бар. Сондықтан «ПСЖ»-ның жек дара жұлдызы болғысы келген жігітке өзгелердің бәсекелес болғаны ұнамайды. Командадағы қарым-қатынастан көңілі қалған ойыншы Каталонияға қайтуды ойлап жүрген секілді. Алайда «Барселона» Неймарды қайтып алуға мүдделі емес. Айта кетейік, Бразилия құрамасының футболшысы 2017-ші жылдың жазында «ПСЖ»  сапына қосылған болатын. Француз командасы Неймарды «Барселонадан» 222 миллион еуроға сатып алғанды. Оның келісім-шарты 2022-ші жылы аяқталуы тиіс.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*