ALADOP.KZ
Әлем футболы

Неймар «Манчестер Юнайтедке» қарсы шықпайтын болды

Неймар жарақаттанып қалған соң, ПСЖ командасының чемпиондар лигасында топ жару мүмкіндігі төмендеді. Бразилиялық футболшының өкше сүйегі сынған. Енді оның қайта қалпына келуіне он апта кетеді. Неймар чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойынға қатыса алмайды. Шабуылшы Еурокубок додасына ширек финалына дейін жазылады. Алайда оған дейін Париж клубы «Юнайтедтен» өтуі тиіс.

ПСЖ мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы алғашқы кездесу «Олд Траффордта» 12-ші ақпанда өтеді. Париждегі қарымта матч 6-шы наурызға жоспарланған. Неймар Франция кубогында «Страсбургке» қарсы ойында жарақаттанып қалған болатын. Дәрігерлер футболшының аяғына ота жасау қажет емес деп шешіпті.

Бразилия футболшысы биылғы маусымда жамбасын ауыртып алған болатын. Соған қарамастан ол Франция чемпионатында 13 доп соғып, чемпиондар лигасында қарсыластар қақпасын бес мәрте дәл көздеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*